$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иманбек киберспорттық турнирге арнап гимн жазды

Турнир биылғы 16-18 мамыр аралығында елордада өтеді

Иманбек киберспорттық турнирге арнап гимн жазды
Фото: politic.kz

Грэмми сыйлығының иегері, әйгілі қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) Астанада өтетін ірі киберспорттық турнир – PGL Astana 2025-ке арнайы гимн жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Халықаралық деңгейдегі Counter-Strike 2 ойынына арналған турнир биылғы 16-18 мамыр аралығында елордада, «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Иманбек әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ұсынысты қуана қабылдағанын жазды.

«Бірнеше ай бұрын Winline компаниясы маған биылғы жылдың ең маңызды киберспорт турнирлерінің бірі – PGL Astana 2025 үшін гимн жазу туралы ұсыныс жасады. Бір сәтке де ойланбастан келісім бердім, себебі өзім де Counter-Strike ойынын ойнаймын және бізге қонаққа келетін ойыншыларды қадағалап жүремін», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, ол бірнеше ай бойы түрлі демо-нұсқалар жазып, түрлі стильдермен тәжірибе жасап көрген. Ақырында ұлттық нақыш пен заманауи әуенді үйлестіріп, ерекше туынды – «қазақша фонк» стиліндегі гимн дүниеге келген.

«Ұлттық мотивтерді қосқым келді, сонымен бірге драйвты арттырғым келді – нәтижесінде жаңа бір стиль шықты. Қазақша фонк!», – деп жазды Иманбек.

Сондай-ақ, музыкант «Барыс Арена» стадионында жанкүйерлердің дауысы мен оның туындысы арқылы: «Алға, Қазақстан!» деген ұранның шырқалатынына ерекше қуанышты екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары