04.04.2025, 20:12
Жаңалықтар
Пойызбен ірі көлемде есірткі тасып бара жатқан қызылордалық ұзақ жылға сотталып кетті
Ол 2 кг-ден астам марихуана тасымалдаған жерінен ұсталды
Фото: depositphotos.com
Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғыны ұзақ жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызында 2 кг-ден астам марихуана тасымалдаған.
Оны Түркістан станциясында жедел іс-шаралар барысында көлік полициясының қызметкерлері ұстады. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты.
«Қабылданған шешім – 8 жыл бас бостандығынан айыру.
Үкім заңды күшіне енді. Көлік прокуратурасы азаматтарды есірткі бизнесіне араласпауға және заң мен тәртіптің бәрінен жоғары. Екенін есте сақтауға шақырады», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
