«Халқы мейірімді, қонақжай»: Үндістаннан жаяу келген жиһангер қазақстандықтарға алғыс айтты (ВИДЕО)
Ресейлік саяхатшы шекараға дейін көлік сұраған

Үндістаннан Ресейге дейін автостоппен кетіп бара жатқан шетелдік саяхатшы Абай облысында жергілікті полиция қызметкерлерінен көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, «Кордон» бекетінде полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматына көмек көрсетті, ол үйіне автостоппен бара жатқан.
«Атым – Егорь. Автостоппен Үндістаннан бастап бірнеше елде болдым. Енді Қазақстанға келдім. Осындағы полиция ротасына алғысым шексіз. Жол сұрап едім, шай беріп, көмек көрсетті. Сіздерге алғысым шексіз. Қонақжайлылығы жоғары деңгейде. Халқы мейірімді, бір-біріне көмек қолын созады», - дейді саяхатшы.
Полиция капитаны Азамат Ахмадиев пен полицияның аға лейтенанты Естай Мусинге 40 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Игорь Жуков жүгінді. Ол Үндістаннан Ресейге автостоппен бара жатқанын айтып, шекараға дейін көлік табуға көмек сұрады.
«Полиция қызметкерлері саяхатшыға көмек көрсетіп, шекарадан өту тәртібін түсіндіріп, оның әрі қарайғы жолын қауіпсіз түрде ұйымдастыруға көмектесті.
Игорь Михаилович Абай облысының полицейлеріне көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді», - делінген облыстық ПД хабарламасында.