$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сауда орталығында бомба бар: Алматыда жалған хабарлама берген адам сотталып кетті

Ол мас күйінде полицияға жалған хабарлама берген

Сауда орталығында бомба бар: Алматыда жалған хабарлама берген адам сотталып кетті
Фото: pixabay.com

Алматыда лаңкестік акті туралы жалған хабарлама берген адамға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ол өткен жылдың желтоқсан айында мас күйінде жедел қызметке хабарласып, қаладағы сауда орталықтарының бірінде жарылыс болатынын хабарлаған.

Қоңырау түскен соң құқық қорғау органдары дереу шара қолданып, эвакуация жасалып, нысанды тексерді.

Нәтижесінде хабарламаның шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

Жалған қоңырау арнайы қызметтің жұмысына кедергі келтіріп, материалдық шығын келтірді.

Сот ер адамды жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырды.

«Мұндай жағдайлардың әрқайсысы құнды ресурстарды алып, төтенше жағдайлар қызметтерін нақты жұмыстан алшақтатып, тұрғындар арасында үрей туғызады. Террорлық актілер туралы жалған хабарламалар қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын естеріңізге саламыз. Азаматтарды жауапкершілікке шақырамыз және мұндай әрекеттер жазасыз қалмайтынын естен шығармауларын сұраймыз», - деді, Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Серіктес жаңалықтары