02.04.2025, 11:48
Жаңалықтар
Павлодарда жүргізуші куәлігінен айырылған бойжеткен мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталды (ВИДЕО)
Ол былтыр жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған
Фото: Видеодан скрин
Павлодар облысында жүргізуші құқығынан айырылған автобикеш тағы да мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар қаласында Абай көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде полиция қызметкерлері «BMW-320» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері автобикеш мас күйінде деп күдіктенді. Олардың күдіктері медициналық куәландыру нәтижелерін растады. Оған сәйкес, әйел мас күйінде болған.
«Деректер базасы бойынша тексеру кезінде 2024 жылдың қыркүйегінде жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Автобикешке қатысты тексеру жүргізілуде, автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
