02.04.2025, 09:52
Жаңалықтар
Екібастұзда көлік жүргізушісі екі мопедке жол бермей, қағып кетті: төрт бала ауруханаға жатқызылды
Жол-көлік оқиғасы 1 сәуір күні кешке болды
Фото: Павлодар облысы ПД
Екібастұзда жеңіл көлік жүргізушісі жасөспірімдер мінген екі скутерді қағып кетті. Кәмелетке толмаған төрт бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы 1 сәуір күні кешке Екібастұз қаласындағы Әуезов көшесінде болды. «Лада 2115» жүргізушісі маневр жасаған кезде «Самурай» маркалы екі скутерге жол бермеген.
«Апат салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде екі жүргізуші мен екі скутер жолаушысы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Жеңіл көлік арнайы автотұраққа қойылды. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді