01.04.2025, 23:24
Жаңалықтар
«Таразда балға ұстаған маньяк көшелерді аралап жүр»: полиция түсініктеме берді
Балға ұстаған адамның қолынан зардап шеккендер бар екені хабарланды
Фото: istockphoto.com
Таразда балға ұстаған маньяк көшелерді аралап жүргені туралы хабарлама тарады. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде «Таразда балға ұстаған маньяк байқалды, зардап шеккендер бар» деген ақпарат тарап жатыр.
«Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы