Қазақстанда Sim-Box құрылғысын қолданған адам 10 жылға сотталып кетуі мүмкін
Полиция осыған қатысты ескерту жасады

Алаяқтар қолданатын Sim-Box құрылғысын пайдаланған адам 10 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Sim-Box қолдану – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Sim-Box – бұл жаппай қоңырау шалу және нөмірлерді өзгертуге арналған құрылғы. Оны пайдалану және алаяқтық әрекеттерге көмектесу Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ҚР ҚК 213-бабы идентификациялық кодты өзгертуге арналған құрылғыларды заңсыз пайдалану – 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі.
«ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық). Егер Sim-Box алдау және мүлікті иемдену мақсатында қолданылса, жаза – мүлікті тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Алаяқтыққа жәрдемдесу (мысалы, SIM-карталарды сату, банк шоттарын ұсыну) да заң бойынша қудаланады!
Өзіңізді қорғаңыз және заңсыз әрекеттерге қатыспаңыз!» - делінген ПД хабарламасында.