$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теміртауда қарияны топ болып аяусыз ұрған жасөспірімдердің бәрі ұсталды (ВИДЕО)

Ұрып-соққандардың арасында ересек жігіттер де болған

Теміртауда қарияны топ болып аяусыз ұрған жасөспірімдердің бәрі ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Теміртауда қарт кісінің үйіне баса-көктеп кіріп, топ болып ұрған жасөспірімдер толықтай ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео әлеуметтік желіде таралып үлгерді. Мәліметтерге сүйенсек, олар қарт кісіге өздерін электрик ретінде таныстырып, есігін ашқан соң баса-көктеп кірген.

Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Теміртауда қаласының 67 жастағы тұрғынына қатысты шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс әрекет бейнежазба әлеуметтік желілерге жарияланғанға дейін учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық жұмыс кезінде анықталды.

Барлық кінәлі тұлға, оның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды тұлғалары бала тәрбиесіне тиісті деңгейде қарамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.

Қылмыстық істі тергеу Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары