$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр жауып, тұман түседі: Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктер болжамы жарияланды.

Жаңбыр жауып, тұман түседі: Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман, шаңды дауыл соғады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысы: түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. Таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде облыстың оңтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысы: облыстың батыс, солтүстік-шығыс және орталық аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 17-22 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысы: күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысы: күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысы: облыстың батысы мен оңтүстігінде шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысы: облыстың батысында және солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы: түнде және таңертең оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі.

Қостанай облысы: күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысы: облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМУ) туралы ескерту күшінде.

Серіктес жаңалықтары