$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысындағы аудан әкімдігінде 300-ден астам заң бұзушылық анықталды

Үш қызметкер белгіленген жұмыс уақытынан кейін де қызмет орнында болғаны белгілі болды

Қостанай облысындағы аудан әкімдігінде 300-ден астам заң бұзушылық анықталды
Фото: gov.kz

Қостанай облысының Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында 300-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy TobolInfo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жоспарлы тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. Оның басым бөлігі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарына қатысты.

  • Еңбекақы төлеу кезінде қателіктер болған. Бес қызметкердің еңбек өтілі дұрыс есептелмеген, осының салдарынан жалақысы төмендетілген.
  • Бір мемлекеттік қызметші іссапар шығындарын толық көлемде алмаған, бірақ тексеруден кейін бұл мәселе шешілді.
  • Кәсіби даму саласында да заң бұзушылықтар тіркелген. Бір қызметкер міндетті біліктілікті арттыру курсынан уақытында өте алмаған, бірақ тексеруден кейін оған оқудан өту мүмкіндігі берілді.

Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істеуі тиіс. Алайда үш қызметкер белгіленген жұмыс уақытынан кейін де қызмет орнында болған. Тексеруден кейін оларға қосымша демалыс берілді.

  • Вакантты лауазымға жарияланған конкурс талаптарға сәйкес келмегендіктен жойылды.
  • Үш қызметкердің жұмыс нәтижесін бағалау қайта қаралып, олар үшінші тоқсанда алған бонустарын қайтарды.
  • Төрт мемлекеттік қызметші негізсіз тағайындалған үстеме ақынық айтаруға міндеттелді.
  • Бір қызметкер заңсыз берілген сыйақыдан айырылды. 
  • Оннан астам қызметкер іссапар шығындарына артық төленген 200 мың теңгеден астам қаражатты бюджетке қайтарды.

Тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімінің аппаратына барлық анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Серіктес жаңалықтары