30.03.2025, 08:40
Жаңалықтар
Жертөледе сіріңкемен ойнаған балалардың бірі қаза тапты
Екеуі терезеден шығарылып, аман қалды
Фото: pixabay.com
Өзбекстандағы Наманган облысында төрт жасар бала сіріңкемен ойнап, ауыр күйік алып, қаза тапты. Бұл туралы Millar басылымы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға Янгиқорған ауданында болған. Бірнеше бала жертөледе сіріңкемен ойнап, ағаш пен қураған шөптіөртеп жіберген. Нәтижесінде жертөле отқа оранған.
Екі бала терезеден шығарылып, аман қалды, алайда бір бала ажал құшты. Тірі қалған балалардың денелерінің әртүрлі бөліктері күйік шалған, ал марқұмның денесі 100 пайыз күйіп кеткен.
Қазіргі уақытта сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді