Павлодарда қылмыстық топ құрамында болған полицейлер ұсталды
Күдіктілер бір азаматты өз көлігінде күштеп ұстап, одан ірі көлемде ақша талап еткен

Павлодарда құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Топ құрамында бұрынғы полицейлер де болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер бір азаматты өз көлігінде күштеп ұстап, одан ірі көлемде ақша талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Павлодар облыстық прокуратурасының бастамасымен арнайы жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Операцияны Экономикалық тергеу департаментімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметқызметкерлері бірлесіп жүргізді. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (адам ұрлау) және 194-бабы (бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер ұсталып, сот оларға бұлтартпау шарасын таңдады», — делінген хабарламада.
Қазір арнайы прокурорлар олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның толық мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.