Маңғыстау облысында қылмыстық топтан 1 млрд теңге тәркіленді
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Маңғыстау облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтан 1,174 миллиард теңге мен 176 мың АҚШ доллары тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
«2025 жылдың қаңтарында Маңғыстау облысының прокуратурасы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Прокурор Айдос Майлыбаевтың тапсырмасымен бұл іске Қаржылық мониторинг агенттігі мен Полиция департаментінің қызметкерлерікірген ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды», — делінген хабарламада.
28 наурызда екі қылмыстық эпизод бойынша күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот олардың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Оқиға орнын тексеру барысында 1,174 млрд теңге мен 176 мың АҚШ доллары тәркіленді.