Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы көбейді – Бас прокурор
Сонымен қатар ол елдегі жол-көлік оқиғаларының көбейгенін атап өтті

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов елдегі жол-көлік оқиғаларының көбеюіне және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Асыловтың мәліметінше, 2024 жылмен салыстырғанда жол апаттары 67%-ға, ал жарақат алғандар саны 79%-ға артқан. Көлік апаттарынан болған өлім-жітімнің 72%-ы республикалық трассаларда тіркелген. Ерекше өсім Атырау, Қостанай, Ақтөбе және Жетісу облыстарында байқалады.
Асыловтың айтуынша, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да аймақтарда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар саны өсуде.
Бұл мәселемен күресу үшін білім беру мекемелерінде құқықтық мәдениетті насихаттау, буллингтің алдын алу бағдарламаларының тиімділігін зерттеу, әр өңірдің қылмыстық ахуалына талдау жасаутапсырылды.
«Азаматтар сөз жүзінде емес, нақты әрекеттермен қорғалатынын сезінуі тиіс», – деді Бас прокурор.