29.03.2025, 16:25
Жаңалықтар
Мьянмада тағы бір жер сілкінісі болды
Оның магнитудасы 5,1 балды құрады
Фото: скриншот
Мьянмада кезекті жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы оның магнитудасы 5,1 балды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Зілзала ошағы – ел астанасы Нейпьидодан 19 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 км, Ақпаратты Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жариялады.
Қазіргі таңда жаңа құрбандар мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Алайда ел әлі 28 наурызда болған 7,7 магнитудалы күшті жер сілкінісінің зардаптарынан айықпаған. Сол кезде мыңнан астам адам қаза тауып, Мьянмадан бөлек Таиланд пен Қытай аумақтарында да жерасты дүмпулері сезілген. Бангкокта бірнеше ғимарат қираған.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
