$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жер сілкінісі қаупі: құтқарушылар жоғары дайындық режиміне көшті

Қабылданған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

Жер сілкінісі қаупі: құтқарушылар жоғары дайындық режиміне көшті
Фото: ТЖМ

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық белсенділік қаупіне байланысты азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын жоғары дайындық режиміне ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрдің тапсырмасы бойынша жер сілкінісіне байланысты жағдайды бақылау жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын азайту мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдерімен жедел жиын өтті. Азаматтық қорғаныс күштерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету үшін іс-қимыл жоспарлары жаңартылды. Жамбыл облысының сейсмоқауіпті аймақтарына арнайы техникалар мен құтқару жасақтары жіберілді.

«Қабылданған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғауға бағытталған. Халықты уақтылы ақпараттандыру мен төтенше жағдай қызметтерінің дайындығына ерекше көңіл бөлінуде. ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап, қосымша ақпаратты уақытылы жариялап отырады», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары