Президент Оңтүстік Кореядағы алапат өртке байланысты корей халқына көңіл айтты
Тоқаев алапат өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
«Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша Корея халқына, бақи болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жарақаттанған адамдардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін. Корей халқының төтенше жағдайдан туындаған қиыншылықтарды тез арада еңсеретініне кәміл сенемін», – деп жазды президент.