28.03.2025, 20:02
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 100-ге жуық адам анықталды
Олардың арасында мұғалімдер де бар
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Маңғыстау облысында прокурорлық тексеруден кейін 300-ден астам адам тәртіптік, 500-ден астам адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы 3 жылда прокурорлармен жалған дипломмен қызмет етудің 100-ге жуық және педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту туралы жалған сертификаттарды пайдаланудың 7 фактісі анықталды.
«Қаражат жымқыру, алаяқтық, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану әрекеттері үшін 20-дан аса қылмыстық іс тіркелген», - делінген прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)