Ол концерттердің бірінде сөз сөйлеп, ойын жеткізді
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова концерттердің бірінде сөз сөйлеп, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға көңіл бөлсек, концерт Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылғанын байқауға болады.
«Сіздермен ғана менің мерекем. Сіздер – менің барымсыздар, сіздерге басымды иемін. Аман болыңыздар! Сіздер жоқ болсаңыздар әнді кімге айтамыз?!
Анда-санда қуып кетсем, кешіре беріңіздер. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз. Өздеріңіз еркелетесіздер, у берсеңіздер де, су берсеңіздер де өздеріңіз білесіздер», - деді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, осыған дейін журналист Дана Нұржігіт экс-күйеуі Мақпал Жүнісоваға сырттай ғашық болғаны туралы хабарланған болатын.