$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да әкімдікте төбелес болды: бір адам 10 күннен бері ес-түссіз комада жатыр

Оқиға 15 наурызға қараған түні Сырым ауданы әкімдігінің ғимаратында болды

БҚО-да әкімдікте төбелес болды: бір адам 10 күннен бері ес-түссіз комада жатыр
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында аудан әкімдігінің ғимаратында болған төбелесте зардап шеккен адам 10 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Оны санитарлық авиация ауруханаға жеткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 15 наурызға қараған түні Сырым ауданы әкімдігінің ғимаратында болды. 44 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Сырым аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ауыр жарақат алған жәбірленуші санитарлық авиациямен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Ер адам күні бүгінге дейін ауыр халде. Алғашқы күннен бастап жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қатысушылардың мемлекеттік қызметкерлер емес екенін хабарлауға асықты.

Серіктес жаңалықтары