«Бұрынғы күйеуім Мақпал Жүнісоваға қатты ғашық болды»: Дана Нұржігіт құпиясын айтты (ВИДЕО)
Журналист өткен өмірінен сыр шертті

Танымал журналист Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі жайлы жұрт білмейтін құпиясын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист сұхбаттарының бірінде экс-күйеуінің әнші Мақпал Жүнісоваға сырттай ғашық болғанын айтып, жылдар бойы сақтап келген сырын қозғады.
«Владимир Рерих – ұлым Әлімнің әкесі Мақпал туралы былай дейтін, Лев Толстой Анна Каренинаны суреттеген кезде тура Мақпалды көзге елестетемін дейтін. Құлағының артындағы бұйра шашы, томпақ қолы мен жіңішке саусақтары Каренина, яғни Мақпал ғой, қандай ерке, қандай қылықты келіншек деп Рерих ол кісіге сырттай қатты ғашық болды. Мақпал оны білмейді», - дейді Дана Нұржігіт.
Айта кетейік, жуырда Дана Нұржігіт танымал продюсер Баян Алагөзова туралы пікір білдірген болатын.