Атырау облысындағы қанды оқиға: Полиция департаменті түсініктеме берді
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Атырау облысында күйеуі экс-әйелін бауыздап өлтіргені суыт хабар тарады. Осы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасап, қашып кетпек болған, бірақ оны аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру кезінде ұстаған.
«Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - дейді Атырау облысыныңполиция департаменті агенттік тілшісіне берген жауабында.
Айта кетейік, осыған дейін ер адам экс-әйелін жұмысында отырған жерінде пышақтап өлтіргені туралы хабарланған болатын.