$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы театрларға былтыр жарты миллионға жуық адам барған – әкімдік

27 наурыз – Халықаралық театр күні

Астанадағы театрларға былтыр жарты миллионға жуық адам барған – әкімдік
Фото: depositphotos.com

Астанадағы театрларға өткен жылы жарты миллионға жуық адам барып, қойылымдарды тамашалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігіне қарасты 7 театр бар. Олар: Жастар театры, «Наз» мемлекеттік би театры, Қуыршақ театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры, Музыкалық жас көрермен театры, «Қанаттылар» инклюзивті театры.

«2024 жылы астаналық театрлар 1013 қойылым қойды. Олардың қатарында 24 премьера бар. Атап айтсақ, «Қаракөз», «Күшік күйеу», «S.O.S», «Танакөз», «Ақан Сері», «Бала Қаныш», «Независимые», «Сүйікті етші, сүйіктім», «Ақ кеме», «Сылаң қыз», «Махаббат жағалауы», «Жалдамалы пәтер» және т.б. Инфрақұрылымға, материалдық-техникалық базаны жақсартуға және театрлар репертуарын жаңартуға ерекше назар аударылады. Нәтижесінде өткен жылы елорда театрлары көрермендерінің саны 30%-ға өсіп, 425 мыңнан астам адамды құрады», - деді Астана қаласының Мәдениет басқармасы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева.

Айта кетейік, 27 наурызда Халықаралық театр күні мерекесі атап өтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#театр #қойылым