$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі табылды

ҰҚК осыған қатысты мәлімдеме жасады

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі табылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев; Фото: ҰҚК

Биыл жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).

Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.

«Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде. Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.

Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары