26.03.2025, 12:35
Жаңалықтар
Қызылорда облысында 9 пакет есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Оқиға Самара-Шымкент тасжолы бойында болған
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысында ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолы бойында Шижа елді мекенінің тұсында есірткі сақтады деген күдікпен автокөлік тоқтатылып, жүргізушіні тексеру барысында 9 полиэтилен пакетке оралған салмағы 557 грамм болатын кептірілген марихуана анықталып, айғақзат ретінде алынды.
«Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды