26.03.2025, 02:28
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында есірткі көтеріп жүрген ер адам ұсталды
Күдіктіден ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды
Фото: istockphoto.com
Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұлан қызметкерлері қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.
«Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды», - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.
Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады