$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Заңсыз активтерді қайтару: 1,7 млрд теңге әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталды

Үкімет қаржының қалай жұмсалатынын түсіндірді

Заңсыз активтерді қайтару: 1,7 млрд теңге әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталды
Фото: © istockphoto.com

Қазақстан үкіметі заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын іске асырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

25 наурызда Үкіметтің баспасөз қызметі 1,7 млрд теңгенің арнайы мемлекеттік қордан бөлінгенін мәлімдеді. Бұл қаражат Ақмола облысындағы бірқатар ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысын аяқтауға жұмсалады.

«Аймақта 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт салынады. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа медициналық мекемелердің арқасында күніне 405 науқасқа дейін қабылдау жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Дәрігерлік амбулаториялар салынатын елді мекендер: Арнасай (Аршалы ауданы), Старый Колутон (Астрахан ауданы), Пятигорское (Жарқайың ауданы), Жаңаесіл (Целиноград ауданы). Медициналық пункт салынатын елді мекен: Шалқар (Целиноград ауданы).

Үкіметтің мәліметінше, бұл шаралар ауылдық аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға және тұрғындарды медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары