$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маскадағы жігіт ДЦП дертіне шалдыққан адамға баспана сыйлап, еміне қаражат берді (ВИДЕО)

Тағдырдың тауқыметіне ұшыраған ер адам мешіт жанында сауда жасап, өз дүкенін ашуды армандайды

Маскадағы жігіт ДЦП дертіне шалдыққан адамға баспана сыйлап, еміне қаражат берді (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Маскадағы беймәлім жігіт ДЦП дертіне шалдыққан 36 жастағы Әділжанға керемет сыйлық жасады. Ол баспананың кілтін беріп қана қоймай, емделуі мен Умраға бару ақысын төлеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тағдырдың тауқыметіне ұшыраған ер адам мешіт жанында сауда жасап, өз дүкенін ашуды армандайды. Әділжан – бірінші топтағы мүгедек.

«Бұрын ешкімге қажет емеспін деген ойдың өзі ауыр тиетін. Бірақ қазір өзімді сол қалпымда қабылдағаннан кейін тек ризашылық сезімі ғана бар. Бұл өмірге жайдан жай келмеген болармын. Жаратқанға сенім артқанда ғана сынақтан сүрінбей өтуге болады», - деп бөлісті ол.

Маскадағы жігіт оның бастамасын қолдады.

«Сіз емделуге, Умраға барып, жеке дүкеніңізді ашасыз әрі баспаналы болдыңыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары