Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді
Ақмола облысында еріген қар суынан пайда болған су тасқыны Целиноград ауданын басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жүргізілуде
ТЖМ мәліметінше, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесінің күштері мен құралдары тәулік бойы су айдау, арықтарды тазарту және қапшықтарды төсеу жұмыстарын суыққа, желге және сазға қарамай жұмыс жүргізіп жатыр.
«1 наурыздан бастап Целиноград ауданында 150 мың текше метр су сорылды, инертті материалдары бар 4 мыңға жуық қаптар төселді және 18 мың метр арықтар тазартылды.
Жұмыстарға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары және Астана қаласы ТЖД, ЖАО, өңірдің ПД, ҚР ТЖМ 52859 ә/б 100-ге жуық адам және 30 бірлік техника мен еріктілер жұмылдырылды», - делінген министрлік хабарламасында.