24.03.2025, 21:44
Жаңалықтар
Ерке Есмахан екі жыл бұрын өзіне сырға салу рәсімі қалай өткенін көрсетті (ВИДЕО)
Әнші күйеуімен некесі 2023 жылы қиылғанын тілге тиек етті
Фото: Instagram/erke_esmahan
Танымал әнші Ерке Есмахан екі жыл бұрын өзіне сырға салу рәсімі қалай өткенін әрі күйеуі Райымбек Бақтыгереевпен (лақап аты – Raim) неке қию рәсімі қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші күйеуімен некесі 2023 жылы қиылғанын тілге тиек етті.
«Екеуіміз 2023 жылы маған сырға салынып, неке қиып, шаңырақ көтергенімізді еске алып, бір ностальгия болып алдық. Міне, 2 жыл ішінде өсіп-өркендеп, кеңге жайылып отырмыз. Аллаға сансыз шүкір!
Сол кезеңнен парақшама естелік салынбай қалыпты», - деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, осыған дейін әншінің декреттегі демалысы қалай өтіп жатқаны туралы айтқан болатын.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды