«Күйеуіме мама болып келіппін»: танымал әншінің 6 жас үлкен әйелі жан сырын ақтарды
Әншінің әйелі бүгінге дейін өзінің өмірдегі негізгі рөлін ұмытып кеткені туралы сырын айтты

Танымал әнші Ринат Шамшырақтың 6 жас үлкен жұбайы Аружан Төре жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің әйелі бүгінге дейін өзінің өмірдегі негізгі рөлін ұмытып кеткені туралы сырын айтты.
«Мен осы уақытқа дейін жақындарыма, күйеуіме де мама болып келіппін. Соларда болса екен деп барымды беріп, оларды әлсіз етіп, өзімді соңғы орынға қойған екенмін! Енді балам да күйеуім де емес, өзім бірінші орындамын.
Өзімнің әйел екенімді ұмытып, еркектің рөлінде жүрген екенмін. Сондықтан қыздар өздеріңіз жүгіріп кете бермей, проблемаларды еркектің мойнына салып, әйел екенімізді ұмытпай, еркелеп жүрейік», - дейді Аружан Төре.
Айта кетейік, әншінің осыған дейін әйелімен ажырасып, қайта қосылғаны туралы хабарланған болатын.