24.03.2025, 20:02
Жаңалықтар
Астанада түнгі клубтардың бірінде жас жігітті бір топ адам жабылып, соққыға жықты (ВИДЕО)
Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видеодан скрин
Астанада түнгі клубтардың бірінде жас жігітті бір топ адам жабылып, соққыға жыққаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, соққыға жыққандардың арасында түнгі клубтың күзетшілері де болған.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
«Осы жылдың 17 ақпанында болған бұл оқиғада төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
