$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Илон Масктың трансгендер қызы АҚШ-тан Жапонияға көшпек

Ұл боп дүниеге келген ол әкесімен араласпайды

Илон Масктың трансгендер қызы АҚШ-тан Жапонияға көшпек
Фото: BILD

Tesla және SpaceX басшысы Илон Масктың үлкен қызы Вивиан Дженна Уилсон АҚШ-тан эмиграциялауға шешім қабылдады. Ол қазіргі уақытта Токиода тілдерді оқып жатыр және Жапонияда тұрақты тұруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bild-ке сілтеме жасап.

20 жастағы Вивиан Дженна Уилсон дүниеге ер бала болып келген. Оның анасы – Илон Масктың бірінші әйелі Джастин Уилсон. Жұп 2008 жылы ажырасқан.

Вивиан әкесінен мүлдем алшақтап, онымен еш байланыс жасамайтынын айтқан. Соңғы кездері ол Илон Маскты жиі қатты сынға алып жүр. Teen Vogue журналына берген сұхбатында Вивиан әкесін “нәсілшіл және жетілмеген адам” деп атады. Сондай-ақ ол Масктың АҚШ-тағы трансгендер қауымдастығына қарсы көзқарасын сынға алып, оны Дональд Трамппен байланысы үшін айыптады.

Вивиан өзінің қанша бауырлары бар екенін де нақты білмейтінін айтқан. Айта кетейік, Илон Масктың әртүрлі некелерінен 10-нан астам баласы бар.

Серіктес жаңалықтары