24.03.2025, 11:36
Жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды
Жолдардың жай-күйі туралы 1403 колл-орталығынан білуге болады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
24 наурыз 2025 жылы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар үш автожолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Жабылған жол учаскелері:
- Ақтөбе облысы: Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз автожолы, 3-92 шақырым (Қандыағаш – Ембі бағыты).
- Қостанай облысы: Қазақстан-Ресей шекарасының бейтарап аймағы, Мариновка ауылы маңында (РФ ауылы).
- Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласының айналма жолының 4-7 шақырымы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).
Қазіргі уақытта жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылған.
Жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығына хабарласып білуге болады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды