23.03.2025, 10:36
Жаңалықтар
Абай облысында Наурыз мерекесі кезінде төрт жастағы бала жоғалып кетті
Бала дін аман
Фото: полиция департаменті
Абай облысында Наурыз мерекесін атап өту кезінде жоғалған төрт жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік шаралар барысында полиция сержанты Архат Фархатұлы жалғыз жүрген кішкентай баланы байқап, бірден жағдайды бақылауға алған.
«Архат бейжай қалмай, баланың ата-анасын іздеуге кірісті. Полицейлер оны жақын арада тауып, отбасына қайтарды. Бала дін аман, өздерін жақсы сезініп тұр. Ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін алғыс айтты», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары мерекелік іс-шараларда балаларға мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 17:55
Алматы мен бірқатар өңірде жаппай жарық өшті: Энергетика министрлігі себебін түсіндірді
14.08.2026, 18:18
Астана – Щучинск автожолында газель өртеніп кетті (ВИДЕО)