$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей «Крокус Сити Холдағы» терактіні кім ұйымдастырғанын айтты

Олар халықаралық іздеуге жарияланып, сырттай қамауға алынды

Ресей «Крокус Сити Холдағы» терактіні кім ұйымдастырғанын айтты
Фото: РИА Новости/Максим Блинов

Ресейдің Тергеу комитеті «Крокус Сити Холлдағы» терактіні шетелдік арнайы қызметтер ұйымдастырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Светлана Петренко хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Жиналған дәлелдерге сүйене отырып, тергеу терактіні шетелдік арнайы қызметтердің ұйымдастырғанын анықтады. Олар халықаралық террористік ұйым мүшелерін пайдаланып, Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген», – деді Петренко.

Тергеу комитетінің мәліметінше, қылмысты дайындауға Орталық Азияның алты азаматы қатысқан. Олар шетелде болғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланып, сырттай қамауға алынды.

«Аталған тұлғалар төрт тікелей орындаушыны – Далерджон Мирзоев, Мұхаммедсобир Файзов, Шамсидин Фариддуни және Саидакрам Рачабализоданы вербовкадан өткізіп, шетелде арнайы дайындықтан өткізген», — деп толықтырды Петренко.

Тергеу органдары 19 айыпталушыға қатысты істі аяқтап, оларға іс материалдарымен танысуға мүмкіндік берді. Содан кейін іс сотқа жіберіледі. Сонымен қатар бірнеше күдікті іздеуде.

«Қылмыстық жауапкершілікке тек орындаушылар ғана емес, сонымен бірге оларға баспана, көлік, қару-жарақ және қаржылай қолдау көрсеткен адамдар да тартылды. Тергеу терактіні жоспарлаудан бастап, қылмыскерлерді ұстауға дейінгі оқиғалардың толық хронологиясын қалпына келтірді», — деп қорытындылады Тергеу комитетінің өкілі.

Серіктес жаңалықтары