23.03.2025, 10:03
Жаңалықтар
Синоптиктер Астана мен Ақтөбе тұрғындарына серуенге шықпауға кеңес берді
Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
23 наурызда Астана мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар зиянды заттардың ауада жиналуына ықпал етеді. Бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың ұсынысы:
- Мүмкіндігінше сыртқа шығуды шектеу, әсіресе жолдар мен өндірістік аймақтар маңында;
- Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар мен аллергиясы бар азаматтарғақажетті дәрілерді өзімен бірге алып жүру;
- Жүкті әйелдерге, балаларға және егде жастағы адамдарға ұзақ серуендерден бас тарту;
- Ашық ауадағы физикалық жүктемелерді азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.
Метеорологтар ауа сапасының өзгерісін бақылап отыруға кеңес береді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
