Таяу Шығыстағы ахуал: Израиль мен Ливан арасында соғыс оты қайта тұтанғалы тұр
Екі тарап бір-біріне сериялы әуе соққыларын жасағаны туралы ақпарат тарады

Таяу Шығыста жағдай басылар емес. Израиль мен Ливан арасында соғыс оты тұтанғалы тұр. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Екі тарап бір-біріне сериялы әуе соққыларын жасады.
Израиль қолбасшылығы Ливанның оңтүстігіндегі Иран қолдайтын «Хезболла» әскерилендірілген қозғалысының ондаған зымыран тасығыштары мен басқару орталығына соққы берілгенін хабарлады.
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шабуылдан екі адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар, тағы сегіз адам жараланды.
Ливан армиясы елдің оңтүстігіндегі үш зымыран ұшыру қондырғысын бөлшектегенін хабарлады. Ливан қорғаныс министрі тергеу басталғанын хабарлады.
Өз кезегінде Израиль армиясы елдің солтүстігіндегі Метула қаласында үш зымыранды жерге түсірмей, қағып алғанын хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Ал «Хезболла» Израильге зымыран атқылағанын жоққа шығарып отыр. Ол 14 айға созылған қақтығыстан кейін атысты тоқтату туралы келісімге берік екенін айтты.