Мұхаммед Әлидің әйгілі қарсыласы, аңыз боксшы Джордж Форман қайтыс болды
Ол Мұхаммед Әлиден 1974 жылы жеңілген

Аты аңызға айналған боксшы, Мұхамед Әлидің әйгілі қарсыласы Джордж Форман өмірден өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыр салмақта әлемнің екі дүркін чемпионы 76 жасында өмірден өтті.
Рингте Үлкен Джордж атымен танымал америкалық боксшы спорттағы ең ұзақ карьерасын өткізді. Ол 1968 жылы Олимпиада алтынын жеңіп алды және 21 жыл айырмашылығымен екі рет ауыр салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол 45 жасында екінші рет тарихтағы ең кәрі чемпион болды.
Ол Мұхаммед Әлиден 1974 жылы «Джунглидегі гүрсіл» деп аталатын әйгілі жекпе-жегінде алғашқы титулынан айырылды. Форман кәсіпқой бокстағы карьерасында 76 жеңіске қол жеткізді, оның 68-і нокаутпен аяқталды, бұл Мұхаммед Әлидің жеңісінен екі еседей көп.
Аңыз боксшы 1997 жылы үлкен спорттан кетті.
Форман 1949 жылы 10 қаңтарда Техас штатының Маршалл қаласында дүниеге келген. Ол алты бауырымен жалғызбасты анасының қолында өсті. Бала күнінде мектепті тастап, спорттық карьерасын бастамас бұрын көшеде тонаушы болған.
Форман 19 жасында 1968 жылы Мехико Олимпиадасында ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алғанна кейін кәсіпқой боксқа ауысып, қатарынан 37 кездесуде жеңіске жетті. Ол өз карьерасында бес жекпе-жекте ғана жеңілген.