22.03.2025, 15:11
Жаңалықтар
Талдықорғанда өрттен 63 жастағы ер адам құтқарылды
Құтқарушылар оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды
Фото: © istockphoto.com
Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында жеке тұрғын үй мен шаруашылық ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер тез арада оқиға орнына жетіп, 90 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтады. Тілсіз жауды сөндіру кезінде 63 жастағы үй иесі құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Сондай-ақ, құтқарушылар үш бірдей 20 литрлік газ баллонын сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында бір адамның өмірі құтқарылып, оттың кеңінен таралуы мен газ баллондардың жарылуына жол берілген жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды