22.03.2025, 10:02
Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Олар халықты мұзға шықпауға шақырды
Фото: ТЖМ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарындағы мұзға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қабаты жұқара бастады. Бұл адам өміріне қауіпті жағдай тудырады. Жарықтар мен ойықтар пайда болып, мұз астына түсіп кету қаупі артуда.
«Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға мұзға, соның ішінде балық аулау үшін шығудан бас тартуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, кез келген көлікпен мұз үстімен жүруге тыйым салынады», — делінген хабарламада.
Министрлік ата-аналарды балаларын қадағалаусыз қалдырмауға, оларға жұқа мұзға шығудың қаупі туралы түсіндіруге шақырды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды