$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада жасөспірімдер TikTok-қа видео түсіру үшін полиция көлігіне түкірген

Жастар жауапқа тартылды

Қызылордада полиция көлігіне түкіріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған жастар анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап Azattyq Rýhy. хабарлады.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында 19 жастағы қыз бен кәмелетке толмаған жасөспірімнің бұл әрекетін байқап, оларды тез арада тапты.

«Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкіліне де шара қолданылды. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін хаттама толтырылды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданып, білім бөліміне ұсыныс жіберілді. Ювеналды полиция қызметкерлері мұндай оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары