Биыл көрмеге шетелдерден де шеберлер шақырылған
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Биыл көрмеге отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен шеберлер шақырылған», — делінген хабарламада.