21.03.2025, 11:12
Жаңалықтар
LRT құрылысы: Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы өзгертіледі
Өзгеріс 22 наурыздан басталады
Фото: «City Transportation Systems» ЖШС
Астанада 22 наурыздан бастап тамыз айына дейін кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша өзгертіледі. Бұл өзгерістер LRT станцияларындағы фасадтық жұмыстарға байланысты енгізілмек. деп хабарлайды Azattyq Rýhy CTS компаниясына сілтеме жасап.
Қай көшелерде және қашан өзгерістер болады?
Мәңгілік Ел даңғылы
- 22 наурыз (00:00 – 06:00)– Сығанақ көшесімен қиылысқан жолайрық толық жабылады.
- 24 наурыз (06:00 – 24:00)– Сығанақ көшесімен қиылысқан жолайрық қайтадан толық жабылады.
- 25 наурыз – 25 сәуір– Сығанақ көшесіндегі екі жолақ тартылады.
Қабанбай батыр даңғылы
- 23 наурыз – 23 тамыз – Екі жолақ тартылады (Астана Жұлдызы стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне дейін, №105 станциясы).
- 23 наурыз – 26 наурыз – Екі жолақ тартылады(Астана Жұлдызы стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне дейін, №106 станциясы).
- 23 наурыз – 23 тамыз – Екі жолақ тартылады(Т. Рысқұлов көшесінен Н. Балғымбаев көшесіне дейін, №107 станциясы).
- 23 наурыз – 30 наурыз – Екі жолақ тартылады (Ұлы Дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейін, №108 станциясы).
- 23 наурыз – 5 маусым – Екі жолақ тартылады (Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейін, №109 станциясы).
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды