21.03.2025, 06:40
Жаңалықтар
Азық-түлік пен мотор майы жанды: Алматы облысындағы өртті сөндіруге жарты күн кетті
От 600 шаршы метр аумақты шарпыды
Фото: kris_p_almaty
Бүгін түстен кейін Алматы облысы Боралдай ауылындағы өндірістік аймақта ірі өрт болды. Тілсіз жау азық-түлік пен мотор майлары сақталған қоймадан шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 600 шаршы метрді құраған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Өртті сөндіруге 40 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы мен тергеу бөлімі жіберілді», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысы, Жармұханбет ауылында өрт тұтанып, қоймалар жанып жатқанын жазған едік.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
11.07.2026, 10:23
Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті
11.07.2026, 11:46
Тоқаев Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады