«Ит төбелесіне дайындап жатыр»: Шымкентте итті көлігіне байлап, сүйреген
Жануарларды қорғау ұйымы полицияға арыз түсірді

Шымкент тұрғыны итті көлігіне байлап алып, қала ішінде сүйреген. Оқиғаның видеосын жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері жариялады. Олар жануардың иесін жауапқа тартуды және итті тартып алуды талап етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаушылар полиция мен прокуратураға арыз түсіріп, итті қамқорлыққа алып, емдеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші итті көлікке байлап, бірнеше көшені жүріп өткен. Соның салдарынан жануардың аяқтары жарақаттанып, қансырай бастаған.
Шымкент полициясы видеодағы ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады. Оған 10 АЕК (34500 теңге)көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ полиция жануарға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.