$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақстанның ең нәзік қыздары»: Астанада ұятсыз жарнама жабыстырған екі жігіт ұсталды

Екеуі үш жылдан жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

«Қазақстанның ең нәзік қыздары»: Астанада ұятсыз жарнама жабыстырған екі жігіт ұсталды
Фото: istockphoto.com

Астанада интимдік қызмет көрсететін жарнамаларды таратқан 19 жастағы екі жігіт ұсталды. Олар қолдарындағы бірнеше баннер мен жүзге жуық QR-код жапсырмаларды іліп жүрген кезде қолға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Жарнама арқылы кез келген адам әлеуметтік желідегі парақшаларға өтіп, «қызмет ұсынушыларды» таңдай алатыны анықталды. 

Астана қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Медет Құсмановтың айтуынша, ұсталғандардан 100-ге жуық стикер мен тыйым салынған жарнамасы бар үш баннер тәркіленді.

«Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Енді коммерциялық секс туралы жарнама таратқандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Құсманов.

Күдіктілерді анықтап, ұстау үшін полицейлерге бір апта уақыт кеткен. Айта кетейік, наурыз айының басынан бері елорданың тұрғын үй кешендерінің кіреберістерінде ашық үндеулері бар әдепсіз жарнамалар пайда бола бастаған. Ондағы QR-код өткендер «Қазақстанның ең нәзік қыздарының» қызметін ұсынатын бетке өтуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары