$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады

Атамекен ауылының тұрғындары белгісіз нысан тапты

Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады
Фото: Тасқала ауданы тұрғыны жеке архивінен

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданының тұрғындары тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) құлағанын хабарлады. Мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Бұл жолы табылған дронның ұзындығы үш метрді құрайды, яғни алдыңғысынан әлдеқайда үлкен. Алайда құқық қорғау органдары бірінші оқиғаға қатысты ресми ақпарат әлі таратқан жоқ.

Полицияның мәліметінше, 18 наурыз күні сағат 17:35-те Тасқаладан солтүстікке қарай 60 шақырым жердегі Атамекен ауылының тұрғындары белгісіз құрылғыны байқап, хабар берген. Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі, әкімдік және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жедел жетті. Сондай-ақ Орал қаласынан саперлар тобы жұмылдырылды.

Айта кетейік, көршілес Ресейдің Саратов облысында украиналық дрондар ресейлік әскери нысандарға тұрақты түрде шабуылдап келеді. Олар әуежайлар мен жанармай қоймаларына соққы жасап, айтарлықтай зақым келтіріп жатыр. 

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Бөкейорда ауданындағы Ұялы ауылында тұрғындар тағы бір белгісіз ұшу аппаратын тауып, оның сыртқы құрылымына қарап мамандар оны «Орлан-10» ресейлік барлау дроны болуы мүмкін деп болжаған. 

Алайда БҚО полициясы бұл оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат әзірге жарияламады. ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабы («Ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, иемдену немесе пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары