Астанада лифт ішінде пышақталған бала қайтадан ауруханаға жатқызылады
Қазір ол өз үйінде

Ақпан айында Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірім бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған болатын. Жарақат алған Батыр ауруханада емделіп, 18 ақпанда үйіне шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алайда сәуір айында оны қайтадан ауруханаға жатқызу жоспарланып отыр
«Баланы 2025 жылдың сәуір айында Ұлттық бала оңалту орталығында оңалту курсынан өтеді», – деп мәлімдеді елордалық денсаулық сақтау басқармасы.
Балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен хирург Жандос Ахнаевтың айтуынша, жарақат іздері әлі де бар. Батырдың сол көзі толық жабылмайды, ал аузының бұрышы сәл салбырап тұр.
Еске сала кетейік, 11 ақпанда тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде белгісіз жігіт бес жасар балаға шабуыл жасап, оны пышақпен жарақаттаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейіннен балаға ота жасалды. Ал полиция кәмелетке толмаған баланың заңды өкілін ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартты.